Солтүстік Қазақстан облысының 2025 - 2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 24/1 шешімі
(2025.13.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 85-бабы 2-тармағына, 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағымен сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025.13.06. № 26/1 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Солтүстік Қазақстан облысының 2025 - 2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 462 404 368,1 мың теңге:
салықтық түсімдер - 64 858 044 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 6 227 410,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 33 287 мың теңге;
трансферттер түсімі - 391 285 626,7 мың теңге;
2) шығындар - 457 648 030 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 28 727 594,9 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 38 484 611,9 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 9 757 017 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -23 971 256,8 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - -23 971 256,8 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 23 971 256,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 30 873 380 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 9 000 485 мың теңге;